Марихуана мен заңсыз қару-жарақ ісіне полицейлердің қатысы бары рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марихуана мен заңсыз қару-жарақ ісіне полицейлердің қатысы бары рас па?

Марихуана мен заңсыз қару-жарақ ісіне полицейлердің қатысы бары рас па?

Былтыр елімізде қарамағындағы қызметкері жемқорлық жасағаны үшін ішкі істер органдарынан 51 бастық шығарылды.

  • 9 Ақпан 2021
  • 118
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі айтты. Арман Садановтың дерегінше, полиция қатарында жемқорлық фактілерін болдырмау үшін кешенді шаралар қолға алынған екен.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
 
АРМАН САДАНОВ, ҚР ІІМ  ӨЗІНДІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
«Өткен жылы 51 қызметкерді босаттық. Бұдан бөлек мансабынан айырылған 106 түрлі жеңгейдегі басшылар бар. Олар департаменттердің басшылығы, облыстық басқарма жетекшілері мен орынбасарлары. Бұдан бөлек, Алматыда қызметтегі және бұрынғы полиция қызметкерлерінен құралған қылмыстық топты құрықтадық. Олар базадан азаматтардың жеке ақпаратын саудаға салған. Қолы былғанған полицейлермен әңгіме қысқа».

Погон таққандардың былығы мұнымен шектелмейді. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қызылордада бірқатар полиция басшысы есірткі дауына байланысты қызметінен кетті. Басқарманың бұрынғы басшысы 15 жылға сотталыпты. Одан бөлек, полицейлер марихуананың ірі партиясына қатысы бар тағы бір қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Тіпті, заңсыз қару-жарақ та тәркіленіпті. Оған да полиция басшыларының қатысы бар болып шықты.

АРМАН САДАНОВ, ҚР ІІМ  ӨЗІНДІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
«Тінту шаралары барысында 12 келіден астам есірткі тәркіленді. Одан кейін Қызылорда облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы мен оның қол астындағы қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін 7 млн теңге көлемінде пара алған кезінде ұсталды. Қазір оларға қатысты тергеу шаралары жалғасып жатыр. Жақын арада іс сотқа жолданады».

Ішкіс істер министрлігі қызметкерлерінің саны қысқартпақ. Қазір бұл салада 126 мыңнан астам азамат еңбек етеді. 3000 полцицей 1 мамырдан бастап жұмыстан босайды.  Бұған бірқатар мемлекеттік органдардың күзетін нарыққа тапсыру себеп болып отыр екен.

Соңғы жаңалықтар