Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Қазір донорлыққа шектеу көп, ол дәрігерлерге халықаралық тәжірибе бойынша жұмыс істеуге мүлдем мүмкіндік бермейді. Сондықтан біз марқұм көзі тірісінде өз келісімін берсе, оның органдарын туыстарының рұқсатынсыз пайдалану туралы заңға өзгеріс енгізіп отырмыз. Осы құжат күшіне енсе, елімізде донорлардың саны екі есеге артады.
Салидат Қайырбекованың бұл бастамасына депутаттар еш қарсылық білдірмей, Денсаулық ақтау туралы заңды бірінші оқылымда бірден мақұлдады. Өйткені, қазіргі қолданыстағы заң бойынша қайтыс болған адамның органдарын трансплатант ретінде пайдалану үшін міндетті түрде туыстарының келісімі керек. Ал, рұқсатқа қол жеткізгенше, ұзақ уақыт кетеді де, марқұмның жүрегі немесе бүйрегі жарамсыз болып қалады екен. Енді осы өзгерістен кейін елімізде донорлық мәселесі түбегейлі шешіледі деп сендірді министр. Сондай-ақ, Қайырбекова бүгін тірі адамның да сау органдарын пайдалануды пысықтап алды. Ол үшін арнайы база құрмақ. Яғни, бұдан былай дәрігерлер кімнің донор болуға мүмкіндігі бар екенін алдын ала біліп отырады.