Жарияланды: 190

Мас оқушы кондуктордың басын балғамен жарып тастады

Мас оқушы кондуктордың басын балғамен жарып тастады

Санкт-Петербург қаласында 17 жастағы мас оқушы 67 жастағы кондуктор әйелдің басын балғамен жарып тастады.

Бұл туралы “Фонтанка” басылымы жазды.

Басы жарылған зейнеткер үйіне кеткен. Алайда біраз уақыттан кейін оның жағдайы қатты нашарлап, жедел жәрдем шақырған. Оны тексерген дәрігерлер бас сүйегінің сынғанын анықтаған. Артынша жарақатты қайда алғанын айтып берген.

Айтуынша, шамамен сағат 23:30 шамасында ашулы жолаушы автобус ішінде оны балғамен ұрып жіберген. Әйел әлгі бойжеткенді таниды екен. Бірақ, араларында жанжалдың тууына не себеп болғанын айтпады.

Сол түні ауруханаға зейнеткер ғана емес, әлгі бойжеткен де түскен екен. Дәл қазір ол Филатов атындағы балалар ауруханасында жатыр. Басылымның хабарлауынша, ол мас болғандықтан ғана осылай жасаған болуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін