Мәсімов ҚР ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәсімов ҚР ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы болып сайланды

Мәсімов ҚР ұлттық агроөнеркәсіп палатасының басшысы болып сайланды

«Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер Қауымдастығы құрылтайшыларының жалпы жиналысында Орталық кеңес төрағасы А.Ж. Игібаевтың ұсынысымен Қажымқан Қасымұлы Мәсімов «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» президенті болып сайланды.

  • 23 Қараша 2016
  • 408
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады baq.kz.

«Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» вице-президенті қызметіне Серік Абдулахметұлы Әбубәкіров сайланды.

«Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы» 2009 жылы қыркүйек айында фермерлік қоғамдық бірлестіктер мен «Қазақстан агроодағы» ұйымының базасында құрылды, делінген хабарламада.

Қажымқан Қасымұлы Мәсімов 1939 жылы 18 сәуірде Талдықорған қаласында туған. «Мәсімов сауықтыру орталығы» ЖШС бас директоры.


Соңғы жаңалықтар