"Масқара, миллионнан 100 мың берген бе": Әншілердің су басқан аймақтарға қанша аударғаны туралы тізім елдің қызу талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Масқара, миллионнан 100 мың берген бе": Әншілердің су басқан аймақтарға қанша аударғаны туралы тізім елдің қызу талқысына түсті

"Масқара, миллионнан 100 мың берген бе": Әншілердің су басқан аймақтарға қанша аударғаны туралы тізім елдің қызу талқысына түсті

Желіде әншілердің тасқын судан зардап шеккен аймақтарға қанша ақша аударғаны туралы ақпарат тарады.

  • 16 Сәуiр
  • 66
Фото - Caravan.kz

Онда өнер жұлдыздарының көпшілігінің 100 мың теңгеден аударғаны белгілі болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жұлдыздардың көпшілігі 100 мың теңгеден аударған. Онда, тек Бағым Мақсатқызының 1 млн теңге аударғанын көруге болады.

Көпшілік жұлдыздардың бұл «сараңдығын» сынға алған. Олар:

«Масқара, миллиондап ақша алып, аударғаны 100 мың теңге ме?», «Халық өзі кінәлі, сонша ақша шашып шақырады, бұлардың аударған ақшасының түрі мынау», «Бергенге разы болсаңдаршы халқым, олар емес, Үкімет аудару керек еді» деп жазуда олар.

Соңғы жаңалықтар