Жарияланды: 720

Мәскеу метросында болған жарылыс құрбандарының саны 30-дан асып, 350 адам жараланды

Мәскеу метросында болған жарылыс құрбандарының саны 30-дан асып, 350 адам жараланды,- деп хабарлайды жаңалық сайттары.

Жарылыс мәскеу уақытымен таңертеңгі 8 сағат 32 минутта болған. Мәскеу метросы Замоскворецкая желісінің "Павелецкая" және "Автозаводская" бекеттері арасында келе жатқан поездың вагондарының бірі жарылып кеткен. Жарылыстан соң метро ішінде үлкен өрт шықты. Оған бесінші, ең күрделі өрт деген дәреже беріліп, тілсіз жау мәскеу уақытымен 10 сағат 45 минутта ауыздықталды. NEWSru.com сайытының хабарлауынша, жарылысқа басты себеп лаңкестік әрекет деп танылып отыр. Жарылғыш заттың қуаты 2 кило тротил эквивалентіне парапар деп бағаланды. Оперативті қызметкерлердің мәліметі бойынша, жарылысты жанкешті жүзеге асырған. Құқық қорғау органдары өкілдерінің мәліметіне сәйкес, бүкіл поезд өртенгендіктен, қаза тапқандар саны жүздеп саналуы мүмкін. Алдын-ала мәлімет бойынша, жарылыс болған электропоезда 1500-дей адам болуы мүмкін. Төтенше оқиғадан тірі қалған адамдарды метро туннелінен шығару жұмысы 10 сағат 15 минутта аяқталды. Жер бетіне 700-дей адам шығарылды. Қазір құтқарушылар қаза тапқандардың мәйітін шығарып жатыр. Мәскеу өкіметі метрополитен станцияларындағы күзетті күшейтті. Метро станцияларына милиция қызметкерлерінен қосымша күзет жасақтары шығарылуда. Сондай-ақ, ішкі істер басқармасының Мәскеу метросын қорғау басқармасының ақпаратына сәйкес, ІІБ-ның қызметкерлер құрамы толық жұмысқа шақырылып, бекеттердегі күзет күшейтілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін