«15 қыркүйекте сағат 18.55-те Қарабалық ауданының ӨБ-11 ӨҚБ пультіне кезекші АІІБ-ден «Қайрақ» теміржол стансасында №71 «Мәскеу-Астана» бағытында келе жатқан жолаушылар пойызының №6 вагонынан шекара қызметінің қызметкерлері вагондарды тексеру барысында қолдан жасалған жарылғыш зат тапқаны туралы хабарлама түсті. Дабыл бойынша сағат 19.00-де Қарабалық ауданы ТЖ гарнизонының барлық жеке құрамы шақырылды.
Жедел топ шақырған жерге жетті. Оқиға орнында ҰҚК, АІІБ, прокуратура, ІІБЖБ, шекара қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды. Вагоннан адамдар сыртқа шығарылды. №6 вагон негізгі құрамнан ажыратылды, оқиға орны қоршауға алынды», — деп жазылған хабарламада.
Тексеру барысында №6 вагоннан №17 жолаушылар орнынан жарылғыш зат табылды. Жедел тергеу тобы куәгерлердің қатысуымен жарылғыш затты тәркіледі.