Жарияланды: 440

Мәскеуде Достастық елдерінің дінаралық бітімгершілік форумы ашылады

Тәжікстан дінбасылары кеңесінің төрағасы Амонулло Нематзода жексенбі күні ТМД елдері дінбасыларының Мәскеуде өтетін кездесуіне қатысу үшін аттанып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан Республикасы үкіметінің жанындағы дін істері жөніндегі комитетінен хабарлады.

Ертең, 2-наурызда Мәскеуде Достастық елдерінің дінаралық бітімгершілік форумы ашылып, онда ТМД елдері діни ұйымдарының ұлтаралық және дінаралық бейбітшілікті нығайтуға бағытталған іс-қызметін үйлестіру жолдары қаралады. Комитет мәліметіне сәйкес, форумда ТМД елдері Дінаралық Кеңесі құрылады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін