Мәскеуде мемлекетаралық көрменің аясында Қазақстанның Ұлттық күні ұйымдастырылды
Мәскеуде, ТМД-ның 20 жылдығына орай болып жатқан Мемлекетаралық көрменің аясында Қазақстанның Ұлттық күні өтті. |
Бұл салтанатты шараны Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбеков ашты, деп хабарлады ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінен.
Көрмеге Қазақстанның атынан 30 шақты компания қатысуда, олардың қатарында «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Казахстан инжиниринг», «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг», «Қазақтелеком», «Қазфосфат» және т.б. компаниялары бар.
Қазақстан күнінің іскерлік бағдарламасы «Тәуелсіздік және Ынтымақтастық жылдары: қорытындылар және перспективалар» деген тақырыптағы конференциямен ашылды. Онда Қазақстанның ТМД елдерімен ынтымақтастығы, қол жеткізген жетістіктері мен перспективалары талқыланды. Конференцияны ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі ұйымдастырды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін