Мәскеуде Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері қарастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері қарастырылды

Мәскеуде Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері қарастырылды

Мәскеуде «Метрополь» қонақ үйінде «Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері және Кедендік одақ аясындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

  • 17 Қыркүйек 2013
  • 514
Фото - Caravan.kz

Кездесуді ашқан Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ғалым Оразбақов Оңтүстік Қазақстан облысы делегациясының РФ-ға жасаған сапары аясында екі елдің сауда ынтымақтастығын кеңейту бойынша іс-шаралар кешені өтетінін хабарлады. Жексенбі күні Бүкілресейлік көрме орталығы алаңында азық-түлік өнімінің аймақтық жәрмеңке ашылған болатын. Сонымен қатар, Мәскеу облысының басшылығымен кездесіп, Казань мен Екатеринбургке бару жоспарланып отыр.

 «2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ресейге жасаған экспорт көлемі үш есе өсті. Бүгінгі таңда біз тығыз ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып отырмыз, бұл кәсіпкерлеріміз үшін тиімді бағыт», — деп мәлімдеді өз сөзінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

 «Дөңгелек үстел» барысында Мәскеу облысының Даму корпорациясы мен «Шымкент» СПК арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.


 Шараны Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен РФ-дағы ҚР сауда өкілдігі бірлесіп ұйымдастырды.