Мәскеуде Қазақстан агробизнесінің экспорттық әлеуеті ұсынылады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Қазақстан агробизнесінің экспорттық әлеуеті ұсынылады

Мәскеуде Қазақстан агробизнесінің экспорттық әлеуеті ұсынылады

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі құрамындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ еншілес компаниясы қаржыландырған агроқұрылымдар жылына 15 000 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін Мәскеу қаласының базарларына жеткізуге дайын.

  • 20 Қаңтар 2014
  • 563
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске салайық, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі Мәскеуде болатын бизнес-форумға 90-ға жуық қазақстандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдар өкілдерін тартуды көздеп отыр, онда Қазақстан агробизнесінің экспорттық әлеуеті ұсынылады. Бизнес-форум қатысушыларының ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылған агрокәсіпорындарының саны оннан астам.

Екі күндік форум барысында еліміздің АӨК экспорттық мүмкіндіктері мен қазақстандық өндірушілер өнімдері ұсынылады.

Бизнес-форум бағдарламасы әлеуетті мәскеулік серіктестердің сауда алаңдарына және өндіріс базаларына баруды қамтиды. Қазақстандық кәсіпкерлер аймақтағы ұн комбинаттары, элеваторлары және астық сақтау қоймалары жұмыстарымен танысып, жергілікті ет және ет өнімдерін тоңазыту қоймалары мен ауыл шаруашылығы көтерме базарларында болады. Сондай-ақ, іс-шара нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мәскеу Сауда және қызметтер департаменті арасында Өзара көмек пен ынтымақстастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді.