Жарияланды: 510

Мәскеуде ТМД аясындағы бейбітшілікті қорғаушы Ұжымдық күштер тәртібіне өзгерістер енгізу жөніндегі шешім жобасын келісуге бағытталған жиын өтеді

11-13-ақпанда Мәскеуде ТМД аясындағы бейбітшілікті қорғаушы Ұжымдық күштер тәртібіне өзгерістер енгізу жөніндегі шешім жобасын келісуге бағытталған сарапшылар жиыны өтеді. Шешімнің жобасын ТМД-ға қатысушы елдердің Қорғаныс министрлерінің кеңесі жасаған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ, отырыста Достастыққа қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері өкілдерінің құқықтық мәртебесі туралы келісім жобасы мен Достастық елдерінің өзара әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі Штабтың қызметкерлер құрамы туралы келісім жобасын қарау көзделіп отыр. Бұған қоса РФ Қорғаныс министрлігінің 2-ші орталық ғылыми -зерттеу институтына әуеден қорғаныс мәселелері бойынша ТМД елдерінің базалық зерттеу ұйымы мәртебесін, ал Кеңес Одағының маршалы Г.Жуков атындағы әскери әуеден қорғаныс институтына бірлескен әуеден қорғаныс жүйелеріне маман дайындаушы ТМД елдері бойынша базалық ұйым деген мәртебе беру мәселесі де талқыланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін