Мәскеуде ТМД елдері санитарлық дәрігерлерінің кеңесі өтеді
Бүгін, 24-қазанда Мәскеуде ТМД елдері бас санитарлық дәрігерлерінің кеңесі өтеді. Кездесуде қоршаған ортаның гигиенасы саласындағы бірлескен іс-шаралар туралы талқыланбақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады. |
Мекеме ақпаратына сәйкес, кеңеске ҚР бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног қатысады.
Кеңес барысында қоршаған ортаның гигиенасына және ТМД тұрғындарының денсаулығына қатысты декларация қабылдап, Достастық елдері ауқымындағы қоршаған орта гигиенасына қатысты халықаралық іс-шаралар бағдарламасын бекіту көзделіп отыр.
Сондай-ақ, ТМД елдерінің санитарлық нормалары мен тәртіптерін өзара мойындау туралы мәселені талқылап, санитарлық қызметтердің аса қатерлі жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған бірлескен жұмыстарды дәйектеу жоспарланған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін