Мәскеудегі дүлей дауылдан 13 адам қаза тауып, 140-ы жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеудегі дүлей дауылдан 13 адам қаза тауып, 140-ы жарақат алды

Мәскеудегі дүлей дауылдан 13 адам қаза тауып, 140-ы жарақат алды

Дүйсенбі күні Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысында алапат дауыл тұрып, соның салдарынан 13 адам қаза тапты, 140-қа жуығы жарақат алған.

  • 30 Мамыр 2017
  • 252
Фото - Caravan.kz

Қазір Ресей астанасында ауа райы қауіптілік деңгейінің «қызғылт сары» түсі жарияланды, яғни мұндай жағдай қайталануы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz

Синоптиктер дүлей дауыл тағы да қайталануы мүмкін болғандықтан, қауіптіліктің  «қызғылт сары» түсін жариялады, деп хабарлайды ТАСС. Қала басшысы Сергей Собянин алдын ала мәліметтерге қарағанда дауылдан 3.5 мың ағаш құлағанын мәлімдеді.

Жедел қызметтің хабарлауынша 13 адам қаза тапқан, 137 адам медициналық көмекке жүгінді. 35 мыңнан астам адам мен 4,5 мың арнайы техника дауылдың салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылды.

Қала басшысы Н. В. Склифосовский атындағы жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институтында болып, қаза болғандардың отбасыларына және зардап шегушілерге қаржылай өтемақы төленетінін айтты.


«Ертең Мәскеу үкіметінің отырысында қаржылай өтемақы төлеуге қатысты шешім қабылданады. Әрине адам шығыны мен орны толмас қайғыны ақшамен өтей алмайсың. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қайғыра көңіл айтамын», — деді С.Собянин.

Дүлей апаттың салдарынан мерт болғандардың отбасына 1 млн рубль көлемінде өтемақы төленеді, деп хабарлады ТАСС.  

Соңғы жаңалықтар