Мәскеуден келе жатқан ұшақ қозғалтқышына құс кептеліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуден келе жатқан ұшақ қозғалтқышына құс кептеліп қалды

Мәскеуден келе жатқан ұшақ қозғалтқышына құс кептеліп қалды

Мәскеуден шығып Томск әуежайына қонған Airbus A321 жолаушылар ұшағының қозғалтқышына құс кептеліп, лайнердің қайта ұшуы 1 күнге шегерілді, деп хабарлады РИА Новости.

  • 19 Тамыз 2016
  • 451
Фото - Caravan.kz


"Аэрофлот" рейсі Томскіден Мәскеуге 10:20-да (жергілікті уақытпен) ұшуы тиіс болған. Төтенше жағдайға байланысты сенбі таңына дейін, шамамен бір тәулікке кейінге шегерілді. Жолаушылардың бір бөлігі қонақ үйге орналастырылады.

Бұған дейін «Аэрофлоттың» еншілес "Победа" лоукостерінің бас директоры Андрей Калмыков Ресей әуежайларының құстардан қорғау деңгейі төмен екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, компания апта сайын құстармен соқтығысу оқиғаларын тіркейді.