Оның айтуынша, 89 округте сайлау қайтадан өткізіледі, себебі , бұл округтерде сайлау додасына түскен бірде-бір кандидат қажетті мөлшерде дауыс жинай алмаған. З.Балиева осы орайда, қолданыстағы заңға сәйкес, 20-қыркүйекте сайлауға қатысқан барлық кандидаттар екінші мәрте сайлауға қатыса алмайтынын хабарлады.
Депутаттарды қайтадан сайлау және екінші мәрте дауыс беру шарасына алдын-ала есеп бойынша 250 млн. теңге бөлінбек.
20-қыркүйекте өткен жергілікті өкілетті органға депутат сайлау науқанына тоқталған Зағипа Балиеваның айтуынша, бұл сайлаудағы басты проблема- «науқан барысында былапыт технологиялардың қолданылуы болды». ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, осындай «былапыт» технологиялар көбінесе Алматыда пайдаланылған. «Қарсыластарына қара күйе жағуға, тіпті оларды қорлап-кемсітуге бағытталған үнпарақтар бұл жолы Алматыда бұрынғыдан әлдеқайда көп шығарылды»,- деді З.Балиева.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Мәдениет
3 Мамыр
Жаңалықтар
3 Мамыр
Мәдениет
3 Мамыр