Мәуліт қандай мереке? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәуліт қандай мереке?

Мәуліт қандай мереке?

Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді.

  • 19 Қараша 2018
  • 248
Фото - Caravan.kz

Діни күнтізбеге сәйкес, бүгін 19 қараша 2018 жыл Мәуліт ән-Нәби – пайғамбарымыз әзірет Мұхаммедтің (с.ғ.с) туған күні (11-12 рабиғул-әууәл).

Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты атап өтілетін күн мәуліт деп аталады. Бұл – дінде  әу баста болмаған, кейіннен енгізілген нәрсе. Әйтсе де, көпшілік ғұламалар мәулітті бидғат хасана, құптарлық жақсы жаңалыққа жатқызады. Оған нақтылы дәлелдері де бар.

Әрбіріміз өзіміздің ата-анамыздың, балаларымыздың, туыс-жақындарымыздың, құрбы-құрдастарымыздың және басқа да қаншама адамдардың туған күндерін қуанышпен атап өтеміз. Ал қиямет күнгі шапағатшымыз, ұлы ұстазымыз, жолбасшымыз Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күнін атап өту бәрінен гөрі лайықтырақ емес пе?! Қазіргі біздің жағдайымызда мәулітті атап өту тіпті міндетті десек те болады. Себебі, басқаны қойғанда мұсылмандардың өзінің арасында өміріндегі басты идеалы болуы тиіс Пайғамбардың аты-жөнін де жөнді білмейтін, діни ұстанымдарын дұрыс түсінбейтін жандар бүгінде жетерлік. Сондықтан мәуліт мейрамының аясында біз Пайғамбар туралы, Оның алдындағы міндеттеріміз, сүннетін сақтау жайында мешіттерімізде, іс-шараларымызда, жиындарымызда жалпы халыққа молырақ мағлұмат беріп, дініміздің тағылымдары жайлы  үгіт-насихат жүргіземіз. Осындай зор мүмкіндікті бос жібермей, орнымен пайдалануға тырысамыз. Расында, бұл дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың орайлы бір сәті.

Жер жаһан мұсылмандары осынау мүбарак түнді жыл сайын Мәуліт мерекесі ретінде атап өтеді. Пайғамбарымыздың ұлты – араб, Құрайыш тайпасының Хашимұлдары әулетінен шыққан. Әкесі — Абдолла, анасы — Әмина еді, құрсақта жатқанда әкесінен, алты жасында анасынан айрылып тағдыр тауқыметін тартады. Біраз уакыт атасы Абдулмуттолиб тәрбиесінде болып, 8 жасқа қадам басқанда одан да айрылып, немере ағасы Әбутәліптің қамқорлығына көшеді. Жиырма бес жасында хазреті Хадиша анамызға үйленеді. Одан төрт қыз, екі ұл перзенті болады. Қырық жасында рамазан айында Хира тауында Жабрайл періште келіп, бүкіл адамзат баласы мен жындарға пайғамбар болғандығын хабарлайды. Үш жылдан кейін өз қабилаластарын иман келтіруге шақырады. Елу екі жасында Ережеп айының жиырма жетінші түнінде Мекке мүкаррамаға Жабрайл (ғ.с) келіп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Мәсжид Харамнан Құдыстағы Мәсжидил Ақсаға, одан әрі көкке алып барады. Оның бұл сапары «миғраж» деп аталады. Осы миғражда жүрегімен Алла Тағаланы көрді. Миғражға рух һәм денесімен бірге шықты. Осы түні мұсылмандарға бес уақыт намаз парыз қылынды. Елу үш жасында Мәдина мнаууараға һижрат етті. Ол кезде қасында хазреті Әбубәкір Сыддық болды. Мәдина мнаууарада жиырма жеті рет қасиетті дініміз үшін соғысқа кірді. Оның тоғызында жауынгер, ал қалғанында Бас қолбасшы ретінде соғысады. Бәдр, Ухуд, Хандак, Хайбар, Мута, Фатх Мекке, Хунайн, Тайф, Тәбук соғыстары – дін тарихындағы мәшһүр ұрыстар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) һижраның он бірінші жылында рабиғул әууәл айының он екісі, дүйсенбі күні Мәдина мнаууарада қайтыс болды. Айша анамыздың хұжрасына жерленді. Һижри жыл санауымен алпыс үш, григориян күнтізбесі бойынша алпыс бір жасында еді.

Мәуліт күні қандай амалдар жасалынады

Бұл айда оқылатын арнайы намаз жоқ болғанымен, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көбірек салауат айтып, сәлем жолдаудың сауабы мол. Бұл туралы Құранда «Ахзаб» сүресінің 36-аятында: «Шынында да, Аллаһ пен Оның періштелері Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат жолдайды. Әй, иман келтіргендер, сендер де оған шын жүректен салауат айтып, сәлем жолдаңдар!», – деп бұйыруда. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да өзіне салауат айтудың маңыздылығын: «Қиямет күнінде маған ең жақын болатын кісі – ең көп салауат айтқан адам», – деп білдерген. Ендеше, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп-көп салауап айтып, Мәуліт оқып, сүйіспеншілігімізді жаңғыртуға тырысу қажет. Оны сүйе білу үшін әуелі дұрыс танып-білу керек. Оның нұрлы өмірін баяндайтын шығармаларды, бізге шуақ шашып, иманымызға қуат беретін хадистерін оқып, амалдарымызды көркейткеніміз абзал.

Соңғы жаңалықтар