Жарияланды: 470

Маусым айында Қазақстанда инфляция 0,1 процентті құрады

2003-жылдың маусым айында Қазақстанда инфляция 0,1 процентті құрады. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, маусымда азық-түлік өнімдерінің бағасы өзгерген жоқ, ал өнеркәсіп өнімдерінің бағасы мен қызметтер ақысы 0,2 процентке қымбаттады. Тұтастай алғанда, еліміз бойынша 2003-жылдың алғашқы жартысында тұтыным тауарларының құны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,3 процентке өсті. Былтыр бұл көрсеткіш 3,1 процентті құраған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін