Жарияланды: 440

Мәжіліс депутаттары 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетке қатысты жұмыстарды 22 қазанға дейін жалғастыруға ұйғарды

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына қатысты жұмыстарды 22 қазанға дейін жалғастыру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсованың айтуынша, депутаттар осы заң жобасын 22 қазанда қарап, қорытындылайды. Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан 2007-2009 жылдардағы кепілді трансферттер туралы" ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасына қатысты жұмыстарды да 22 қазанға дейін жалғастыруға шешім шығарды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін