Мәжіліс депутаттары "БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау жөніндегі 1978 жылғы конвенциясын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары "БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау жөніндегі 1978 жылғы конвенциясын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары "БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау жөніндегі 1978 жылғы конвенциясын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау жөніндегі 1978 жылғы конвенциясын бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Наурыз 2008
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Конвенцияда теңізбен жүк тасымалдауға қатысты кейбір ережелер белгіленеді. Конвенция ережелері кеменің, тасымалдаушының, жүк жіберушінің немесе жүкті қабылдап алушының ұлтына , еліне қарамастан қолданылады», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің отырысында.

Конвенцияның 9 бабында жүкті кеменің ашық палубасында тасымалдау шарттары айқындалады. Құжатқа сәйкес, жүк тасымалдаушы мен жүк жіберуші арасындағы келісім бойынша ғана, немесе, бұған заңнамалық нормалар мен ережелерге сәйкес талап етілген жағдайда ғана ашық палубада тасымалданады.

«Конвенцияға кез-келген қатысушы мемлекет денонсация жасай алады. Денонсация ол туралы хабарландыру бергеннен бір жыл өткенде өз күшіне енеді», — делінген қорытындыда.

Конвенцияға 1978 жылдың 31 наурызында Гамбургте қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті