Мәжіліс депутаттары "Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары "Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мақұлдады

Мәжіліс депутаттары "Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мақұлдады

Бүгін, 21-сәуірде өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2004
  • 442
Фото - Caravan.kz

Аталмыш заң жобасына қатысты баяндама жасаған ҚР индустрия және сауда министрі Болат Смағұловтың айтуынша, «заңды қолдана бастағаннан бергі үш жылдық тәжірибе оның қажеттігі мен әсерін айқындап бергенімен, осы кезеңде жүзеге асырылған күрделі экономикалық өзгерістер оған кемшіліктерді жою үшін түзетулер енгізуді, экономикалық сұраныстарға сәйкестендіруді талап ете бастады».

Министр орынбасарының түсініктемесіне жүгінсек, заң жобасында ұғымдар жинағы нақтыланып, өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етуші мемлекеттік жүйе субьектілері айқындалып, ҚР метрологиялық қызметінің құрылымы тиянақталған. Атап айтсақ, бұл құрылымға өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етуші мемлекеттік жүйе шеңберінде қазір жұмыс істейтін бөлімшелер, атап айтсақ, өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етуші сарапшы-аудиторлар мен осы саладағы консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалар енгізілді.
«Заң жобасын жүзеге асыру экономика салаларының бұдан да тиімді дамуына, еліміз егемендігінің нығаюына, азаматтар құқығын қорғау және халықаралық заң қағидаларға бағынуға түрткі болмақ»,- деді Б.Смағұлов.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар