Мәжіліс депутаттары "Республикалық референдум туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары  "Республикалық референдум туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс депутаттары "Республикалық референдум туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасын мақұлдады

Астана. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында мәжіліс депутаттары "Республикалық референдум туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Наурыз 2008
  • 990
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасы президенттің заң шығарушылық бастамасының тәртібімен жасалған. Оның жобасын жасауға ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу негіз болды», -деп мәлімдеді заң жобасын таныстырған әділет министрі Зағипа Балиева.

Өзгерістер заң жобасын өзгертілген Конституциямен сәйкестендіру үшін енгізілмек.

Жаңартылған Конституцияға сәйкес, егер президент оны парламенттің қарауына ұсынуға шешім қабылдаса, Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда парламенттің шешімі Конституцияда белгіленген тәртіппен қабылданады.

Егер президент парламенттің Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару жөніндегі ұсынысын қабылдамаса, онда парламент жалпы парламент палаталарының депутаттары санының бестен төрт бөлігінен кем емес басым бөлігінің дауысымен осы өзгерістер мен толықтыруларды Конституцияға енгізу жөнінде заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда президент бұл заңға қол қояды немесе республикалық референдумға шығарады, ал ол егер дауыс беруге республикалық референдумға қатысуға құқығы бар республика азаматтарының жартысынан көбі қатысқан жағдайда өтті деп табылады.

Республикалық референдумға шығарылған Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар егер референдумда облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың үштен екі бөлігінен кем емес азаматтары дауыс беруге қатысқан жағдайда қабыланды деп танылады.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті