Мәжіліс депутаттары салықты көтеру туралы заң жобасын қызуқандылықпен талқылап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаттары салықты көтеру туралы заң жобасын қызуқандылықпен талқылап жатыр

Мәжіліс депутаттары салықты көтеру туралы заң жобасын қызуқандылықпен талқылап жатыр

Мәжіліс депутаттары салық салу мәселелері жөніндегі заңға енгізілген түзетулерді қызуқандылықпен талқылап жатыр, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісі.
           Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ұсынған заң жобасында автокөлік пен мүлік салығын өсіру көзделген.
           Заң жобасын талқылау депутат Мұхтар Тінікеевтің «Министрлік үйренген әдетімен жұмыс істегісі келмейді, мәселенің бәрін салық арқылы шешкісі келеді!» деген сөздерінен басталды.
           «Қалың жұртшылыққа зияны тимеуі керек. Бұл салықтарды шын мәнінде аса қымбат үйлері мен машиналары барлар ғана төлеуі тиіс», - деді депутат Гүлжан Қарағұсова.
           «Неге жұмыс істегілерің келмейді, неге бюджеттің табыс бөлігін салықпен толтырғыларың келеді?! Одан да жұмыс істеңдер, болды! Мүлдем жұмыс істемейсіңдер, мәселенің бәрін салықпен шешпексіңдер!», - деді М.Тінікеев тағы да.
           Сонымен қатар, депутат Азат Перушев министрлікті автокөлік салығын қымбаттату арқылы ресейлік автокөлік өндірісінің қолжаулығына айналып отыр деп айыптады.
           «Сіздер енгізген түзетулер байларды азайтуға бағытталған, ал мен кедейлердің болмағанын қалаймын! Көлік салығын қымбаттату арқылы сіздер Ресей автокөлік өндірісінің мүддесін қорғап отырсыздар!», - деп мәлімдеді ол.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 668
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс депутаттары салық салу мәселелері жөніндегі заңға енгізілген түзетулерді қызуқандылықпен талқылап жатыр, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісі.


           Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ұсынған заң жобасында автокөлік пен мүлік салығын өсіру көзделген.
           Заң жобасын талқылау депутат Мұхтар Тінікеевтің «Министрлік үйренген әдетімен жұмыс істегісі келмейді, мәселенің бәрін салық арқылы шешкісі келеді!» деген сөздерінен басталды.
           «Қалың жұртшылыққа зияны тимеуі керек. Бұл салықтарды шын мәнінде аса қымбат үйлері мен машиналары барлар ғана төлеуі тиіс», — деді депутат Гүлжан Қарағұсова.
           «Неге жұмыс істегілерің келмейді, неге бюджеттің табыс бөлігін салықпен толтырғыларың келеді?! Одан да жұмыс істеңдер, болды! Мүлдем жұмыс істемейсіңдер, мәселенің бәрін салықпен шешпексіңдер!», — деді М.Тінікеев тағы да.
           Сонымен қатар, депутат Азат Перушев министрлікті автокөлік салығын қымбаттату арқылы ресейлік автокөлік өндірісінің қолжаулығына айналып отыр деп айыптады.
           «Сіздер енгізген түзетулер байларды азайтуға бағытталған, ал мен кедейлердің болмағанын қалаймын! Көлік салығын қымбаттату арқылы сіздер Ресей автокөлік өндірісінің мүддесін қорғап отырсыздар!», — деп мәлімдеді ол.