Жарияланды: 360

Мәжіліс депутаты 2003-жылғы бюджеттен үнемделген қаржыны әлеуметтік бағдарламаларды орындауға бағыттауды ұсынады

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамына сәйкес, 2003-жылғы бюджеттің шығыс бөлігі 97 процентке орындалады. Бұл туралы бүгін, 25-қарашада парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында аталмыш мәселе бойынша министрлікке арнаулы депутаттық сауал жолдаған мәжіліс депутаты Валентин Макалкин хабарлады.

Депутаттың айтуынша, бюджеттен үнемделетін қаржы көлемі 24 млрд. теңгені құрайды. В.Макаликиннің пайымдауынша, 2004-жылғы бюджетті қалыптастыру барысында ҚР Ата заңында көрсетілген медициналық көмектің кепілді көлемін тегін алу жөніндегі нормасы тағы да орындалмай қалатын түрі бар. Осыған байланысты ҚР үкімет басшысының атына жолдаған ауызша депутаттық сауалында В.Макалкин биылғы бюджеттен үнемделген қаржыны толық көлемде әлеуметтік бағдарламаларды орындауға, соның ішінде кепілді медициналық көмекке бағыттауды ұсынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін