Мәжіліс депутаты мемлекеттік ауылшаруашылық банкін құруды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты мемлекеттік ауылшаруашылық банкін құруды ұсынады

Мәжіліс депутаты мемлекеттік ауылшаруашылық банкін құруды ұсынады

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаты Ромин Мадинов үкіметке аграрлық саланы несиелендіру үшін мемлекеттік ауылшаруашылық банкін құру мүмкіндігін қарауды ұсынады.

  • 26 Желтоқсан 2007
  • 465
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттік арнаулы ауылшаруашылық банкін құру қажеттігі айрықша туындап отыр. Мәселе тез арада әрі мұқият қарауды талап етеді», — деп мәлімдеді Р.Мадинов бүгін мәжілістің жалпы отырысында үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында.

Р.Мадиновтың атап көрсеткеніндей, «бүгін Қазақстан 80-ші жылдардағы социализмнен мұраға қалған негізгі құралдар жарамсыз болған кезеңге жетті. Оларды тез арада жаңалау қажет». Сонымен бірге, «ауылшаруашылығындағы негізгі құралдардың амортизациялық мерзімі 7 жылдан кем емес».

«Ал біздің екінші деңгейлі отандық банктерде біздің шаруаларға ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған ұзақ мерзімді арзан ақша беруге мүмкіндігі жоқ», — деді депутат.

Мәжіліс депутаты «дүниежүзінде осындай арнаулы банк құрудың оң тәжірибесі бар екенін» атап өтті. Мәселен, оның айтуынша, «Ресейдегі мемлекеттік «Россельхозбанк» ауылдық жерлерде мыңнан астам филиалдары бар үлкен банкке айналды». «Осы ретте мемлекет бөлген әрбір рубльге еркін нарықтан 20 қосымша қаржы тартылды», — деді депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті