Жарияланды: 530

Мәжіліс депутаты С.Әбдірахманов "Отан" партиясының парламенттік фракциясына мүшелікке өтсе, Ұ.Елеубаев одан шықты

"Отан" партиясының парламенттік фракциясының бүгінгі отырысында бірлестік құрамында болған кейбір өзгерістер туралы мәлім болды,- деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметінен.

Бүгін мәжіліс депутаты С.Әбдірахманов "Отан" партиясының парламенттік фракциясына мүшелікке өтті. Сондай-ақ, парламенттік бірлестік мүшелері мәжіліс депутаты Ұзаққали Елеубаевтың "Отан" фракциясынан шығу туралы мәлімдемесімен танысты. Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай, Ұ.Елеубаев қаңтар айының соңында бірқатар мәжіліс депутаттарымен бірге "Асар" партиясының фракциясына өткен болатын. Отырыс барысында сондай-ақ, "Отан" фракциясының жетекшісі Қайролла Ережепов парламент депутаты Ермек Келемсейіттің ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалуға байланысты депутаттық өкілеттілігін алу туралы өтініш түсіретінін хабарлады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін