Жарияланды: 490

Мәжіліс келісім комиссиясының жер қатынастарын реттеу туралы заңға енгізген түзетулерімен келісті

Парламент мәжілісі сәрсенбіде пленарлы отырыста "Жер қатынастарын реттеу жөніндегі кейбір заңдылық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының жасаған ұсынастарын мақұлдады, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі.

Заң қабылдау процедурасына сәйкес, заң жобасымен қоса келісім комиссиясының ұсыныстары сенаттың қарауына жолданады. Мамыр айының ортасында мәжіліс пен сенат заң жобасы бойынша келіспеушіліктерді жою үшін келісім комиссиясын құрған, онда мәжіліс депутаттары сенаторлардың 19 ұсынысының төрт түзетуі бойынша келіспеген болатын. Сенаторлар заң жобасының нормаларын Жер кодексіне енгізілген заңды күшіне енген түзетулерге сәйкес нақтылауды және құжатты "Тұрғын-үй коммуналды сфера мәселелері жөніндегі кейбір заңдылық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң талаптарына сәйкестендіруді ұсынған. Тұтас алғанда заң жобасы жер заңнамасын жетілдіруге және Жер кодексінің жекелеген ережелерінің өз ара қайшылығы мен әркелкі оқылуын жоюға бағытталған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін