Мәжіліс Көлік одағына қатысушылар арасындағы халықаралық автокөлік байланысы туралы келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Көлік одағына қатысушылар арасындағы халықаралық автокөлік байланысы туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Көлік одағына қатысушылар арасындағы халықаралық автокөлік байланысы туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Бүгін, 10-желтоқсанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары Көлік одағына қатысушы-мемлекеттер арасындағы халықаралық автокөлік байланысы туралы келісімді бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 10 Желтоқсан 2003
  • 396
Фото - Caravan.kz

Жалпы отырыста сөз сөйлеген ҚР көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Нағмановтың түсініктемесіне жүгінсек, «келісім одаққа қатысушы мемлекеттер арасындағы тұрақты және тұрақты емес жолаушы тасымалын, жүк және жолдамалар тасымалын, сондай-ақ, елдердің аумағы арқылы осы елдерде тіркелген автокөлік құралдарымен жүзеге асырылатын транзитті реттейді».

Министрдің атап көрсетуінше, келісімнің 6-бабына сәйкес, оған қатысушы-мемлекеттер арасындағы жүк тасымалы рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады. «Еліміздегі көлік дәліздері арқылы рұқсатсыз негізде жүк тасымалдайтын шетелдік тасымалдаушылар санының артуы Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін арттыруға түрткі болу арқылы еліміздің экономикалық мүддесіне сәйкеседі» ,- деді Қ.Нағманов. Сондай-ақ, министрдің айтуынша, «келісімді бекіту оған қатысушы-мемлекеттерде өндірілген өнімдердің тасымал құнын азайтуға септігін тигізеді. Бұл одаққа қатысушы елдердің барлығына бірдей тиімді болмақ. Бұған қоса, Қазақстан автокөлік тасымалы дәліздерінің инфрақұрылымдық қызметін көрсету арқылы бюджетке қосымша пайда табады»,- деді ол.
Бұл келісімді қазіргі жағдаймен Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары бекітті. Ал Беларусь бекіту процедураларын жүзеге асыруда. Көлік одағын құру туралы келісімге 1998-жылдың 24-қарашасында Мәскеуде қол қойылған. Оған Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, кейіннен Тәжікстан республикалары мүшелікке өтті.
Келісім сенаттың талқысына жолданды.

Соңғы жаңалықтар