«Келісімде екі ел инвесторларына инвестиция салуға мейлінше қолайлы жағдай жасаудың өзара шарттары айтылады. Келісім инвесторлардың екі елдің аумағында жүзеге асырылған барлық инвестицияларға таралады», -делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Келісімге он жылға қол қойылып, ол осы мерзімнен кейін тағы да осынша мерзімге созылады.
Келісімге 2006 жылдың 29 қарашасында Амманда қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті