Мәжіліс Қазақстан мен Швейцария арасындағы салыққа қатысты Хаттаманы мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстан мен Швейцария арасындағы салыққа қатысты Хаттаманы мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан мен Швейцария арасындағы салыққа қатысты Хаттаманы мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары

  • 8 Қаңтар 2014
  • 438
Фото - Caravan.kz


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы салық салу мәселелерін қамтитын Хаттаманы мақұлдады.

Аталған құжаттың толық атауы «Бернде 1999 жылғы 21 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға және Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы болып табылады.
ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, аталған Хаттама 2010 жылғы 3 қыркүйекте Астана қаласында жасалған. Құжат негізінен екі мемлекеттің заңнамаларында көзделген өзгерістерге байланысты болып табылады. Атап айтқанда, Конвенцияның «Өзара келісу рәсімдері», «Ақпарат алмасу» деген жекелеген баптарына өзгерістер енгізіледі. «Бұл өзгерістер уағдаласушы мемлекеттердің салық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және салықтан жалтаруды болғызбау мақсатында салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді»,- дейді вице-министр.
Хаттаманы Мәжіліс комитеттері оң бағалаған.