Жарияланды: 400

Мәжіліс Қазақстан мен Сирия үкіметтері арасындағы мәдениет ескерткіштерін салу мен жөндеудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын мақұлдады

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Сирия Араб Республикасының үкіметі арасында Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық құрылысын салу мен Дамаск қаласындағы Әз-Захир Бейбарыс Сұлтанның кесенесін жөндеудегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталық құрылысын салуға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет нысандарын дамыту бағдарламасы аясында 29 млн 600 мың теңге қарастырылған. Дамаск қаласындағы Әз-Захир Бейбарыс Сұлтанның кесенесін жөндеуге тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру жөніндегі ююджеттік бағдарлама аясында 54 млн 200 мың теңге қарастырылған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть