Жарияланды: 370

Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы кеден қызметін дамыту жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялауды мақұлдады

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы кеден қызметін дамыту жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Астанада қол қойылған бұл келісім бойынша жалпы шығын көлемі $62 млн, соның ішінде Халықаралық қайта құру және даму банкінің несиесі - $18,5 млн және республикалық бюджеттен тең қаржыландыру көлемі - $43,5 млн болуға тиіс. Жоба бес жылда жүзеге асады. Несиенің $12 млн тауар сатып алуға, республикалық кеден органдарының қызметкерлерін оқыту мен кеңесшілер қызметінің төлеміне $6 млн жұмсалуға тиіс. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть