Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы технологияларды коммерциализациялау жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялауды мақұлдады
Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы технологияларды коммерциализациялау жөніндегі жоба бойынша несиелік келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Еліміздің білім және ғылым вице-министрі Күләш Шаәмшидинованың айтуынша, бұл жоба бойынша несиелік келісімге ағымдағы жылдың ақпан айында қол қойылған. Құжатқа сай, Әлемдік банк $13,4 млн көлемінде несие бөледі. Республикалық бюджеттен тең қаржыландыру есебінен $61,6 млн бөлінбек. Әлемдік банк несиесінің мерзімі 5 жылдық жеңілдік мерзімін қосқанда - 15 жыл.
Жобаның бір ерекшелігі - ғылым жөніндегі халықаралық кеңестің құрылатындығында. Оған халықаралық сарапшылар мен кеңесшілер енеді. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі - 2008 - 2012 жылдар, деді К. Шәмшидинова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін