Мәжіліс Қазақстанда мұнай операцияларын жүзеге асыру және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша кейбір заңнамаларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Қазақстанда мұнай операцияларын жүзеге асыру және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша кейбір заңнамаларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады

Мәжіліс Қазақстанда мұнай операцияларын жүзеге асыру және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша кейбір заңнамаларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады

Бүгін, 11-ақпанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары Қазақстанда мұнай операцияларын жүзеге асыру және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша кейбір заңнамаларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 11 Ақпан 2004
  • 378
Фото - Caravan.kz

Палатаның жалпы отырысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің бірінші орынбасары Бақтықожа Ізмұхамбетов заң жобасы туралы түсініктеме берді.

Оның айтуынша, заң жобасында «ҚазақМұнайГаз» ҰК-на мұнайгаз операцияларын жүзеге асырушы мердігерлермен арадағы келісім-шартына қол қойғанда ҚР заңдарында белгіленген тәртіп бойынша міндетті түрде үлес иемдену арқылы мемлекет мүддесін қорғауға мүмкіндік беру қарастырылған.
Сондай-ақ, заңның бірқатар нормалары минералдық шикізатты өндіру және алғашқы сатылы өңдеу барысында пайдалы қазбалардан нормативтен тыс мөлшерде айрылудың алдын алуға, сондай-ақ, кеніш бойынша орташа көрсеткішпен салыстырғанда, тау-кендік-геологиялық және тау-кендік-техникалық тұрғыда артықша қолайлы жағдайдағы сапалы учаскелерді алдымен игеруге жол бермеуге бағытталған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар