Жарияланды: 530

Мәжіліс Қазақстанды авторлық құқық жөніндегі Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымына біріктіру туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 18-ақпанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Қазақстанды Дүниежүзілік санаткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі келісіміне біріктіру туралы" заң жобасын мақұлдады ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

1996-жылдың 20-желтоқсанында Женевада қабылданған келісімде әдеби және көркемдік туындыларды тарату және прокатқа беру құқығын қорғау қарастырылған. Келісімде компьютерлік бағдарламалар, кинематографиялық шығармалар мен фонограмма авторларына бірыңғай құқық беріліп, оларға өз өнімдерінің түпнұсқасы мен көшірмелерін коммерциялық мақсатта прокатпен таратуға рұқсат беріледі. Келісімге дүниежүзінің 40 мемлекеті, соның ішінде ТМД-ға қатысушы Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова және Украина елдері біріккен. Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін