«Қазіргі уақытта прокуратура органдары ҚР Жоғарғы Кеңесінің төралқасының 1992 жылдың 6 шілдесіндегі қаулысымен бекітілген «Прокуратура органдарында қызметтен өту ережелерін бекіту туралы, ҚР прокуратура қызметкерлерінің класс шендері мен әскери атақтары туралы» ережелерді басшылыққа алады»,- делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.
«Бұл қаулы 1992 жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» заңына сәйкес қабылданып, 1995 жылдың 21 желтоқсанындағы «Прокуратура туралы» заңымен күшін жойды деп танылған», -делінген құжатта.
Бұл ретте, «1995 жылдың 21 желтоқсанындағы «Прокуратура туралы» заңының 48-бабына сәйкес прокуратура органдарында қызметтен өту ережелерін президент бекітуге тиіс».
«Нормативтік-құқықтық актілер туралы» заңының 27-бабына сәйкес, жоғары деңгейдегі нормативтік-құқықтық акт күшін жойды деп танығанда оны жүзеге асыруға бағыттаолған төменгі деңгейлі нормативтік-құқықтық акт де күшін жойды деп тану қажет», — делінген қорытындыда.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті