«Келісімде төтенше жағдайларды жою және олардың алдын алу саласындағы ынтымақтастық, төтенше жағдай кезінде өзара көмек көрсету және зардап шеккен тұрғындарға тиімді әрі үйлестірілген көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бірлесе талпыну қарастырылған.Бұл тараптардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуына түрткі болмақ»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Құжатқа сәйкес тараптар төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға тез арада көмек көрсету үшін халықаралық құқықтың жаппай мойындалған нормалары мен принциптеріне және тараптардың заңнамаларының талаптарына бағына отырып өзара ынтымақтасуға міндеттеме жүктеп алады.
Келісімге 2005-жылдың 26-қазанында Мәскеуде қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті