Мәжіліс спикері парламенттің 4-сессиясын ең бір ғибратты әрі жемісті сессия болды деп бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс спикері парламенттің 4-сессиясын ең бір ғибратты әрі жемісті сессия болды деп бағалады

Мәжіліс спикері парламенттің 4-сессиясын ең бір ғибратты әрі жемісті сессия болды деп бағалады

25-маусым, сәрсенбіде өткен мәжілістің жалпы отырысында төртінші парламент сессиясының жұмысын қорытындылаған мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбай

  • 26 Маусым 2003
  • 451
Фото - Caravan.kz

«осы парламент жұмыс істей бастағаннан бергі барлық сессиялардың ішінде бұл жолғысы ең бір ғибратты әрі жемісті сессия болды»,- деп бағалады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәжіліс төрағасының пайымдауынша, өткен сессия атқарылған жұмыс көлемінің ауқымдылығымен ерекшеленді. «Сессия барысында парламент палатасы төрт бірдей іргелі заң жобасын, атап айтсақ, Кедендік, Жер , Су және Орман Кодекстерін талқылап бекітті»,- деді Ж.Тұяқбай. «Заң жобаларына енгізілген түзетулердің басым көпшілігі осынау маңызды құжат жобаларында үкімет тарапынан жіберілген кемшіліктерді тиімді жөнге келтірді»,- деді ол.
Жалпы алғанда, төртінші сессия мерзімінде мәжіліске 170 заң жобасы келіп түсті. 52 жоба бұған дейінгі сессиялардан қалған болатын. Сессия мерзімінде мәжіліс 136 заң жобасын мақұлдап сенатқа жіберді, олардың 94-і заң мәртебесіне ие болды. Соның ішінде 21-і негізгі заң болса, 45-і бұрынғы заңдарға түзетулер мен өзгертулер енгізді, ал 27-сі ратификациялық заңдар. «Бұл көрсеткіштер бұған дейінгі сессиялардың статистикалық қорытындысына сәйкес келеді, демек, еліміздегі заң шығару процессі ырғақты сипатқа көшті деуге негіз бар»,- деді палата спикері.

Соңғы жаңалықтар