Мәжіліс ТМД елдерінің экономикалық мұқтаждығы үшін көлік коммуникацияларын дамыту жөніндегі келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс ТМД елдерінің экономикалық мұқтаждығы үшін көлік коммуникацияларын дамыту жөніндегі келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс ТМД елдерінің экономикалық мұқтаждығы үшін көлік коммуникацияларын дамыту жөніндегі келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 29-қазанда Астанада өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "ТМД елдерінің экономикалық, әскери және гуманитарлық тасымал мұқтаждығы үшін көлік коммуникацияларын дамыту жөніндегі келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады.

  • 29 Қазан 2003
  • 617
Фото - Caravan.kz

Бұл келісімге 2001-жылдың 31-мамырында ТМД-ға қатысушы елдердің үкімет басшылары кеңесінің отырысында Минскде қол қойылған болатын.

Заң жобасын таныстырушы ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Абай Тасболатовтың айтуынша, бұл келісім арқылы ТМД-ға қатысушы елдер экономикалық, әскери және гуманитарлық тасымал мұқтаждығы үшін тараптардың көлік коммуникациялары желісін пайдалану және дамыту, сондай-ақ, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардабын жоюға бағытталған алдан-ала келісілген шаралар жобасын дәйектеген.
Келісімде әскери тасымал жұмыстарын жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылған, ал ауқымына қарай тасымал стратегиялық, опертивті және тактикалық сипатта болуы мүмкін.
Қазақстанның бұл келісімге бірігуі республиканың экономика, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің егемендігі мен аумақтық біртұтастығын қорғау салаларында ТМД елдерімен ынтымақтастығын нығайтуға түрткі болумен бірге төтенше жағдайлардың зардабын дер кезінде жоюға және қайырымдылық мақсаттағы жүктерді ұйымдасқан түрде тасымалдауға мүмкіндік береді,- деді А.Тасболатов.
Заң жобасы сенаттың қарауына жолданды.

Соңғы жаңалықтар