Мәжіліс төрағасы қызметіне Аслан Мусиннің кандидатурасы ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төрағасы қызметіне  Аслан Мусиннің кандидатурасы ұсынылды

Мәжіліс төрағасы қызметіне Аслан Мусиннің кандидатурасы ұсынылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АСТАНА. Мәжіліс төрағасы қызметіне Аслан Мусиннің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Жұмағұлов хабарлады.

  • 2 Қыркүйек 2007
  • 382
Фото - Caravan.kz

«Кеше «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысы өтті, оған президент Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық жасады. Біздің фракция мәжіліс төрағасы қызметіне Аслан Мусиннің кандидатурасын ұсынып отыр», — деді Б. Жұмағұлов. «Ол мемлекеттік қызметтің барлық сатыларынан өтті, премьер-министрдің орынбасары болды», — деді Б.Жұмағұлов.

Мәжілістің төрағасы қызметіне басқа қандайбір кандидатура ұсынылған жоқ. Конституцияға сәйкес депутаттар мәжіліс спикерінің кандидатурасы бойынша құпия дауыс беруге көшті.