Мәжіліс тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс тұтқындауға соттан санкция беруді қарастыратын заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Кейбір заңнамалық актілерге тұтқындау түрінде кідірту шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мқұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Желтоқсан 2007
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманы Конституцияның 16-шы бабына сәйкестендіруге саяды», -деді заң жобасын депутаттарға таныстырған әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов.

Оның айтуынша, Қылмыстық-процессуалдық кодекс пен «Прокуратура туралы» заңға түзетулер енгізіледі.

«Қылмыстық-процессуалдық кодексте тұтқындауға санкция беру өкілеттілігін тікелей аудандық және қалалық сотқа беру заңдастырылады», — деді Д. Құсдәулетов.

Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, «кідірту шарасы ретінде тұтқындауды таңдау қажет болған жағдайда тергеу органы, тергеуші сотқа тұтқындауға санкция беру туралы өтініш жазады, ол іс материалдарымен бірге прокурорға жолданады».

«Прокурор өз шешімімен бұл өтінішті қолдау немесе қолдамау жөнінде тиісті қаулы шығарады. Тұтқындау шарасын қолдануға прокурордың келісім бермеуіне тергеу органы немесе тергеуші қарсы шығып, жоғары саталы прокурорға немесе сотқа шағымдана алады», -делінген қорытындыда.

Заң жобасы мәжілістің салалық комитетіне екінші оқылымға дайындауға жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті