Мәжіліс жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Маусым 2007
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасымен азаматтардың жарақаттағыш оқтары бар отты оқпансыз қаруды сатып алу және пайдалануына шектеу енгізу, азаматтық және қызмет бабындағы қару-жарақ пен оның оқ-дәрілерін сатумен шұғылдануға заңды тұлғаларға мүмкіндік беретін іс-қызмет түрлері нақтыланады»,- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Сонымен бірге заң жобасымен ішкі істер органдарының қызметкерлерінің қару айналымына қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғаларды тексеру кезіндегі құқығы айқындалады.

Заң жоабсы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті