Жарияланды: 480

Мәжіліс жоғарғы сот кеңесі туралы заң жобасын мақұлдады (толық нұсқасы)

Алматы. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының жоғарғы сот кеңесі туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәжілістің заңнама және сот құқықтық реформа жөніндегі комитетінің қорытындысында атап көрсетілгеніндей, бұл заң жобасы жоғарғы сот кеңесі туралы заңның Конституцияға өткен жылдың мамыр айында енгізілген түзетулермен сәйкестендірілген жаңа редакциясы болып табылады. Қазақстанның Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, бұл заң жобасында кеңестің мәртебесі Қазақстан Республикасы президентінің соттарды жасақтау, судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқықтарына қол сұғылмаушылығына кепілдік беру жөніндегі конституциялық өкілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында заңды тұлға құрмай-ақ жасақталатын мекеме ретінде білгіленген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін