Мәжіліс жүргізушілердің жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс жүргізушілердің жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс жүргізушілердің жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Желтоқсан 2007
  • 591
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасы жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіруге, көліктегі апаттар деңгейін төмендету бағытында тиімді шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа жол беретін алғышарттарды жоюға бағытталады», -делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Атап айтсақ, Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске «жүргізушіге де, көліктің иесіне де әкімшілік жаза қолдануды» қарастыратын бап енгізіледі.

«Бұл шара халықаралық тәжірибенің негізінде енгізіліп отыр және ол автокөлік иелерінің көлік құралдарын лайықты жағдайда қауіпсіз пайдалану үшін жүктейтін жауапкершілігін көтеруге мүмкіндік береді», — делінген қорытындыда.

Сондай-ақ, заң жобасымен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізуші құқығынан айыру мерзімін арттыру, автокөлікті мас күйінде айдағаны үшін жүктейтін жауапкершілікті күшейту, қозғалыс ережесін бұзғандардың арасынан бір жылдың ішінде әкімшілік заң бұзушылыққа қайталап жол бергендерді жол қозғалысы ережелеріне қатысты білімін тексеруге жіберу жөніндегі баптар енгізілмекші.

Заң жобасы мәжілістің салалық комитетіне екінші оқылымға дайындау үшін жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті