Мәжілісте пәтерін сағаттап өткізетіндерді салық төлеуге міндеттеу мәселесі көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілісте пәтерін сағаттап өткізетіндерді салық төлеуге міндеттеу мәселесі көтерілді

Мәжілісте пәтерін сағаттап өткізетіндерді салық төлеуге міндеттеу мәселесі көтерілді

Депутаттар табысын тасқа басып отырған пысықайлардың да соңына май шам алып түспек. Бүгін олар баспанасын жалға беретін  қожайындардың салық органдарына тіркелуін талап етті.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 260
Фото - Caravan.kz


Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты:

— Жұрт бос тұрған пәтерін жалға берілетін көршілеріне өкпелі. Әсіресе сағаттап саудалаантын үйлер сенбі, жексенбі күндері жын-ойнаққа айналдырады екен. Ал қожайынға баспананың жал ақысы төленсе болды, қонақтар қару сақтай ма, есірткі саудалай ма, оның шаруасы жоқ.

Осыған байланысты халық қалаулылары жалға берілетін пәтерлерге қатаң талап енгізілсін деп отыр. Мұндай жеке баспаналар да қонақ үйлер сынды салық органдарына тіркеліп, тазалық нормасына сай келетінін және өрт қауіпсіздігінің сақталғанын дәлелдеу керек. Ең бастысы, қонақтардың бассыздығынан көршілердің тыныштығы бұзылған жағдайда үй иесі жауапты болсын, — дейді депутаттар. Өйткені жалға берілетін пәтерлердің басым бөлігі тән саудасының ордасына айналған. Ал күні-түні келім-кетімі тыйылмайтын үйлердің айқай-шуынан тұрғындар әбден мезі болған.