Жарияланды: 520

Мәжілісте тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша заңнамалық түзетулердің таныстырылымы болып өтті

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаты Валерий Доскаловтың жетекшілігімен өткен жұмыс тобының бірінші отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуелсіз салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған заң жобасының тұжырымдамалық негіздері туралы Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Алдабергенов баяндама жасады. Заң жобасының мақсаты тәуелсіз салалық реттеуіштердің қазақстандық моделін қалыптастыру және жетілдіру, салалық реттеуіштердің толыққанды жұмыс істеуі үшін қажетті құқықтық жағдай жасау болып табылады. Заң жобасында "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының заңын энергия өндіретін ұйымдар үшін шекті және инвестициялық тарифтер бекіту тәртібін регламеттейтін нормалармен толықтыру, сондай-ақ энергия өндіретін ұйымдардың бекітілген тарифтерді қолдану (асып кетпеу) міндеті көзделген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін