Жарияланды: 680

Мәжілісте Ұлттық Банк қызметі туралы Қазақстан заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша түзетулердің таныстырылымы өтеді

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілісте ертең "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі және Ұлттық Банк қызметі туралы Қазақстан заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасы Ұлттық Банктің қызметін, оның функциялары мен өкілеттіктерін және басқа мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының қызметін регламенттеу мақсатында әзірленген. Заң жобасы ақша төлемі мен аударымы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, Ұлттық Банк қызметі саласында қалыптасатын құқықтық қатынастарды реттеуді көздейді. Аталған заң жобасының тұжырымдамалық негіздері туралы Қазақстан Республикас Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқов баяндап береді. Жұмыс тобының жетекшісі - депутат Сансызбай Есілов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін