Мәжілістің бір топ депутаты үкіметті "Сайлау туралы" жаңа заңның жобасын парламентке тез арада енгізуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің бір топ депутаты үкіметті "Сайлау туралы" жаңа заңның жобасын парламентке тез арада енгізуге шақырды

Мәжілістің бір топ депутаты үкіметті "Сайлау туралы" жаңа заңның жобасын парламентке тез арада енгізуге шақырды

Мәжілістің бір топ депутаты үкіметті "Сайлау туралы" жаңа заңның жобасын парламентке тез арада енгізуге шақырды. Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметінен таратқан хабарламада айтылған.

  • 26 Қараша 2003
  • 483
Фото - Caravan.kz

25-қарашада өткен қос палаталы парламенттің бірлескен отырысында бір топ халық қалаулысының атынан мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасынов мемлекет басшысы мен ҚР үкімет басшысына арнап осындай мәлімдеме жолдады.

«Грузияда болған оқиғалар сайлау процессін түрлі айла-шарғымен қитұрқыландыру мен сайлау қорытындысын бұрмалаудың қандай қауіп-қатерге алып келетінін көрсетіп берді»,- делінген мәлімдеме мәтінінде.
«Сондықтан да біз мемлекет басшысына өзін қоршаған консервативтік-реакцияшыл күштерден құтылуда және сайлау жүйесінің басшылығын алмастырудан бастап ОБСЕ принциптеріне сәйкесетін жаңа сайлау заңын қабылдауды қамтитын шынайы демократияны дамыта бастауда өз тарапымыздан қолдау көрсетуге әзірлігімізді білдіреміз»,- деп атап көрсетілген мәтінде.
Сондай-ақ, депутаттар тобы БАҚ-тардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, партиялар туралы заңды өзгерту, ҚР Ата заңының демократиялық билік құрылымын қалыптастыру мен азаматтық құқықты кепілдендіруге қатысты нормаларын жаңалау мәселелерін қарау қажеттігін де атап көрсетті.
Олардың пікірінше, «мәжіліс депутаттары құрамының кем дегенде тең жартысын партиялық тізімдер бойынша сайлауға көшу, сенаторларды тағайындау үрдісінен бас тарту, жергілікті билік иелерін сайлау үрдісін қолданысқа енгізу, толыққанды мазмұнды Конституциялық сот құру қажеттігінің өзектілігі артып, мерзімі жетті».