Мәжілістің өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтау үшін ел президенті ғана оны тарата алады - Конституциялық кеңес - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтау үшін ел президенті ғана оны тарата алады - Конституциялық кеңес

Мәжілістің өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтау үшін ел президенті ғана оны тарата алады - Конституциялық кеңес

АСТАНА. 18-маусым. Kazakhstan Today. Мәжілістің өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтау үшін ел президенті ғана оны тарата алады. Бұл туралы парламенттің бір топ депутатының сұрауына орай қабылданған Конституциялық кеңестің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Маусым 2007
  • 698
Фото - Caravan.kz

«Конституцияға сәйкес, парламенттің тұтастай немесе парламент мәжілісінің өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтау үшін ел президенті ғана оны тарата алады. Мәжіліс өз бетімен тарай алмайды»,- деді Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов қаулыны таныстыру барысында.

«Парламент пен оның палаталарының өкілеттілігі Конституцияның жаңа редакциясына сәйкес, үшінші шақырылған парламент мәжілісінің өкілеттілік мерзімі аяқталған сәттен бастап күшіне енеді. Мұндай мүмкіндік конституциялық өкілеттілік мерзімі аяқталғанда, яки, парламент немесе мәжілісті ел президенті таратуға байланысты өкілеттілігі аяқталғанда пайда болмақ»,- деді И.Рогов. «Сөйтіп, парламент пен оның палаталары жаңа конституциялық өкілеттілікке үшінші шақырылған парламент мәжілісінің өкілеттілік мерзімі аяқталғаннан кейін ие болады»,- деді ол.

И.Роговтың айтуынша, «Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының президенті парламент немесе мәжілісті парламент палаталарының төрағаларымен немесе үкімет басшысымен ақылдаса отырып өз бастамасымен немесе парламент депутаттарының өтініші бойынша тарата алады». «Үшінші шақырылған парламент мәжілісі таратылған жағдайда парламент депутаттарын жаңа құзыретке ие болдыру жөніндегі жаңа тәртіптерді белгілейтін жаңа конституциялық нормалар күшіне енеді»,- деді ол. «Бұл ретте, Конституцияға сәйкес, парламент сенаты парламенттің функциясын атқарып, өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталуға байланысты мәжіліс уақытша жұмыс істемеген тұста заңдар мен конституциялық заңдарды қабылдау функциясын атқарады»,- деді И.Рогов.

«Конституциялық кеңестің қаулысы қабылданған сәттен бастап күшіне енеді және ҚР аумағында жаппай міндетті орындалатын түпкілікті шешімге жатады»,- деді кеңес төрағасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті