Жарияланды: 450

М.Бүркітбаев «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы» атанды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев «Инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы (IGIP)» атанды,

деп мәлімдеді аталған университеттің баспсөз қызметі. 6 маусымда «Халықаралық инженерлік білім» бағдарламасы бойынша IGIP қауымдастықтың және Халықаралық Мониторинг Комитетінің ұсынысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры, профессор Мұқамбетқали Бүркітбаев инженерлік білім саласы бойынша халықаралық деңгейдегі оқытушы құрметті атағымен марапатталды. Сертификатты ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов университеттің Ғылыми кеңесінде профессорға арнайы табыс етті. Құжатқа IGIP президенті, профессор Майкл Ауер және бас хатшы Герберт Клебер қол қойған. ҚазҰУ ректоры профессор М.Бүркітбаевті құттықтап, құжат өз кезегінде IGIP регистрді орындауда барлық талаптар қажетті деңгейде орындалғандығын куәландыратындығын, сонымен қатар, сертификат инженерлік білім саласы бойынша әлемдік деңгейде дәріс оқу мүмкіндігін беріп, шетелдік жоғары оқу орындарында жұмыс істеуге жол ашатындығын айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін